From Wikipedia, the free encyclopedia
Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев (1.08.1932 жыл, Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылы – 9.04.2013 жыл, Алматы) — композитор, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша бітірген.[1]
Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық - әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”, “Дала таңы”, “Алпамыс” опералары, “Дайрабай”, “Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал.
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.[2]
П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің тарихи-теориялық бөлімі мен домбыра классын (1952); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының Е. Брусиловский композициясы классын (1957) композитор мамандығы бойынша; КСРО Композитерлер кеңесіне қарасты Г.И. Литинский мен Ю.А. Фортунатовада біліктілікті жоғарылату курстарын (1957-1958) бітірген.
Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2003). Композитор. Симфониялық күй жанрының негізін қалаушы.
1949-1952 жылдары - Қыздар педагогикалық училищесінің музыка пәнінің оқытушысы (Алматы қ.). 1958 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватория жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі. 1959 жылдан - Қазақ филармониясы «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің көркемдік жетекшісі. 1962 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Бас басқармасының бастығы. 1965 жылдан - Мемлекеттік өнер институтының аға оқытушысы. 1966 жылдан - Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры. 1967-1975 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры. 1968 жылдан - Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан - ҚР Мемлекеттік мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - ҚР мәдениет министрі. 2003 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2009 жылдан - Қазақ ұлттық өнер университет).
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 7-11-ші шақырылымдарының депутаты (1967-1991). КСРО Халық депутаты (1989-1991). КСРО Композиторлар одағының хатшысы (1968-1991).
«Отан» (2000), Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен; медальдармен марапатталған. ЮНЕСКО Халықаралық музыкалық трибунасының лауреаты (1973), «Біз партияны жырлаймыз» және «Конституция туралы поэма» кантаталары үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын (1980) алған.
ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1967). ҚазКСР Халық әртісі (1974). КСРО Халық әртісі (1981). Қазақстанның Еңбек Ері (2010).ъ
Үйленген. 3 баласы бар.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.